Q Football

Эдуар Менди халықаралық мансабын аяқтады

Эдуар Менди халықаралық мансабын аяқтады
Getty Images

34 жастағы қақпашы енді Сенегал құрамасы сапында өнер көрсетпейді.

Едуар Менди Сенегал құрамасындағы карьерасын тоқтататынын жариялады. Қақпашы ұлттық командада сегіз жыл ойнады: 2018 жылы алғаш рет алаңға шығып, осы кезеңде құраманың маңызды ойыншыларының біріне айналды.

Менди үшін құрамадағы ең үлкен жетістік 2022 жылғы Африка ұлттары кубогымен байланысты. Финалда Сенегал пенальти сериясында Мысырды жеңді, ал Менди бір соққыны қайтарып, командасына турнирді тарихында алғаш рет ұтып алуға көмектесті.

Қақпашы Сенегал сапында 2022 және 2026 жылдардағы әлем чемпионаттарына да қатысты. Биыл қыркүйекте ол Яшин трофейіне - жылдың үздік қақпашысына берілетін жүлдеге үміткер ретінде ұсынылды.

Клубтық деңгейде Менди қазір Сауд Арабиясының «Әл-Ахли» командасында ойнайды. Бұған дейін ол «Ренн», «Челси» және «Реймс» клубтарында өнер көрсеткен.