Соңғы уақытта Винисиус Жуниор бұрынғы ойын өрнегін көрсете алмай, жанкүйерлер мен сарапшылардың сынына ұшырады. Оның үстіне Ла Лигадағы төрт матчтық дисквалификациясы мен Ян Диоманденің сәтті ойыны негізгі құрамдағы бәсекені күшейтті.
AS басылымына берген сұхбатында Силва мадридтік клубта өзін бақытты сезінетінін және жаңа ұжымы оны жылы қабылдағанын айтты.
«Винисиус Жуниор соңғы жылдары «Реал Мадрид» үшін өте маңызды ойыншы болды. Клубтағылардың бәрі оның қаншалықты құнды екенін жақсы біледі», — деді португалиялық футболшы.
Силва сондай-ақ үлкен жетістіктерге жету үшін командаға Винисиус деңгейіндегі футболшылар қажет екенін атап өтті.
