Q Football

«Интер» Доннарумма мен Алиссонды негізгі қақпашы ретінде қарастырып жатыр

«Интер» Доннарумма мен Алиссонды негізгі қақпашы ретінде қарастырып жатыр

Миландық «Интер» келесі маусым алдында қақпашылар шебін күшейту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Tuttosport басылымының хабарлауынша, бұған Хосеп Мартинестің маусымның алғашқы бөлігінде бірнеше өрескел қателік жіберіп, команданың нәтижесіне кері әсер етуі себеп болған.

Соған қарамастан, испаниялық қақпашы келесі маусымда негізгі құрамдағы орнын сақтап қалуы мүмкін үміткерлердің қатарында. Алайда клуб басшылығы өзге нұсқаларды да зерттеп жатыр. Олардың бірі — «Ливерпуль» сапындағы бразилиялық Алиссон. Оның ағылшын клубымен келісімшарты аяқталуына жеті ай қалған.

Тағы бір ықтимал кандидат — «Манчестер Ситиде» өнер көрсететін Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма. Tuttosport мәліметінше, қаржылық заңбұзушылықтарға байланысты «Манчестер Сити» АПЛ-ден шеттетілген жағдайда, «Интердің» италиялық футболшыға қызығушылығы артуы мүмкін.

Дегенмен екі қақпашының жалақысы келіссөздерге кедергі келтіруі ықтимал. Алиссон жылына шамамен 7 миллион еуро алса, Доннарумманың табысы 12–13 миллион еуро көлемінде.