28 жастағы Маккенни мұны Фабрицио Романоға айтқан сөзінде нақтылады: «Мәселенің басын ашып айтайын: «Ювентустан» кетуді жоспарламаймын. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Сол үшін клубпен жаңа келісімшартқа қол қойдым. Осы командада ойнауды жалғастыруды асыға күтемін».
Маккеннидің қазіргі келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін күшінде. Ол осы маусымда «Ювентус» сапында барлық турнирде 11 матч өткізіп, 1 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
