Роналдиньо 2015 жылы «Флуминенседе» кәсіби мансабын аяқтаған. Өткен демалыста ол өзі де иелік ететін С сериясындағы «Равенна» сапына шығып, 45 минут ойнады.
«Равенна» өз алаңында «Форлиді» 2:0 есебімен жеңді. Роналдиньо гол соғылған шабуылдардың бірінде голдық пастың алдындағы пасты берді.
Кассано Viva Fútbol-ға берген сұхбатында Роналдиньоны Месси, Марадона, Роналдо және Пелемен қатар тарихтағы үздік бес ойыншының бірі санайтынын айтты. Бірақ оның қайта алаңға шығуына себеп көрмейді: «46 жасында мұндай жағдайда ол не істемек болды? Мен түсінбедім».
Кезінде «Ромада» Франческо Тоттимен бірге шабуылда ойнаған Кассано бұл шешімге де баға берді. «Мен үшін бұл күлкілі қойылым болды», — деді ол. Кейін: «Менен болған жағдайға баға сұрасаңыз, мұны масқара, қойылым дер едім», — деп қосты.
