
Ойын бойы Әзербайжан құрамасы допқа көбірек иелік етіп, қарсылас қақпасы маңында жиі қауіп төндірді. Дегенмен алаң иелері жасаған мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Статистика бойынша Әзербайжан 25 соққы жасап, оның бесеуі ғана қақпаға дәл тиді. Лихтенштейн төрт рет қақпаға бағыттап көргенімен, бірде-бір соққысы нысанаға түспеді.
Пікір қалдыру үшін кіріңіз