Француз ойыншысы Англия Премьер-лигасындағы дебюттік маусымын сәтті өткізіп, 33 матчта 13 гол соққаннан кейін Еуропаның алпауыт клубтарының назарын аударды. Табан жарақатына байланысты биылғы чемпионаттың алғашқы ойындарын өткізіп алғанына қарамастан, шабуылшыға деген қызығушылық бәсеңдеген жоқ.
«Арсеналдан» бөлек, Крупидің өнерін «Бавария» мен «ПСЖ» да бақылап отыр. Бұған дейін «Барселона» футболшыны сатып алуға тырысқанымен, «Борнмут» каталондық клубтың 100 миллион еуродан төмен екі ұсынысын да қабылдамаған.
Ықтимал трансферге басты кедергі – ағылшын клубының қаржылық талаптары. БАҚ мәліметінше, «Борнмут» өз шабуылшысын шамамен 120 миллион еуроға бағалап отыр.
