Йылдыз тамыз айынан бері алаңға шыққан жоқ. Ол маусымның алғашқы матчында «Фрозинонеге» қарсы кездесуде жарақат алған болатын. 31 тамызда футболшы Германияда операция жасатып, содан кейін ұзақ уақытқа созылған оңалту кезеңіне кірісті.
«Ювентус» жартылай қорғаушының конустар арасымен допты алып жүріп, дене дайындығы бойынша жаттықтырушымен пас алмасып жатқан видеосын жариялады. Клуб жазбаға «Қадам сайын» деген қысқа сипаттама қалдырды.
Goal.com мәліметінше, туриндік клуб негізгі ойыншыларының бірін алаңға қайтаруға асықпайды. Йылдыз толық қалпына келгеннен кейін ғана ресми матчтарға қатысуға рұқсат алады. Ал оның нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.
