Француздық «Пари Сен-Жермен» клубы италиялық «Парма» мен Жапония ұлттық құрамасының қақпашысы Дзион Судзукиді өз сапына қосу бағытында маңызды қадамдар жасады. Танымал спорт инсайдері Фабрицио Романоның әлеуметтік желілерде хабарлауынша, париждіктер бұл трансферді сәтті аяқтауға жақын тұр.
23 жастағы жапондық голкиперге Англия Премьер-лигасының командалары мен Туриндік «Ювентус» те қызығушылық танытқан болатын. Алайда «Парма» басшылығы туриндіктердің ұсынысын қабылдамай, кейінге ысырған.
Дзион Судзуки «Парма» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол 59 матчка қатысып, 83 гол жіберіп алды және 13 кездесуде қақпасын «құрғақ» ұстады. Transfermarkt порталы жас қақпашының құнын 30 миллион еуроға бағалайды, ал оның клубпен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Сондай-ақ, Судзуки жақында аяқталған 2026 жылғы Әлем чемпионатында Жапония құрамасының негізгі қақпашысы болып, төрт матчта алаңға шықты және 5 гол жіберді.
