Журналист Экрем Конурдың мәліметінше, лондондықтардың футболшыға қатысты 40 млн фунт стерлинг көлеміндегі тармақты іске қосып, келіссөз процесін бастауға мүмкіндігі болған.
Дегенмен «шпорлар» бұл соманы төлеуге асықпай, «Манчестер Юнайтедпен» арзанырақ бағаға келісуге талпынған. Ал манкуниандықтар өз талаптарын төмендетуден бас тартқан.
Осыдан кейін «Тоттенхэм» Рашфордты алу жоспарын тоқтатты. Нәтижесінде шабуылшы «Манчестер Юнайтедте» қалып, команда сапында ойнауын жалғастырды.
Бұған дейін Рашфордтың 40 млн фунт стерлингтік клаусуласы жаздың тек белгілі бір кезеңінде ғана күшінде болып, кейін жарамсыз болғаны айтылған еді.
