Германиялық Sky Sports мәліметінше, Алексис Мак Аллистер «Реалдың» орта шебін қайта құрудағы негізгі тұлғалардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Әсіресе оны сатып алуға «ақ қанаттылардың» бас бапкері Жозе Моуринью мүдделі.
Жартылай қорғаушының «Ливерпульмен» келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды, алайда бірқатар басылымның хабарлауынша, мерсисайдтықтар оны ұзартуға ниетті емес. Мадрид клубы жағдайды мұқият бақылап, трансферге қолайлы сәтті күтпек.
Ал winwin басылымы, керісінше, «қызылдар» басшылығы жақын арада Мак Аллистерге жаңа келісімшарт ұсынатынын айтады. Осылайша клуб «Манчестер Сити» мен Мадридтің «Атлетико» клубының қызығушылығы аясында ойыншыны сақтап қалуды көздейді.
