Q Football

«Бешикташ» үлкен олжаға кенелуі мүмкін: саудиялықтар Уилфрид Ндиди үшін қомақты қаржы ұсынуда

«Бешикташ» үлкен олжаға кенелуі мүмкін: саудиялықтар Уилфрид Ндиди үшін қомақты қаржы ұсынуда

Футболист жарақатына байланысты «Мидтьюлланнға» қарсы ойынды өткізіп алғанына қарамастан, оның ауысуы бойынша майшелпек ұсыныстар түсуін тоқтатар емес.

Fotomaç басылымының мәліметінше, Сауд Арабиясы Про-лигасының клубтарының бірі «қара-ақтарға» жартылай қорғаушының трансфері бойынша 10 миллион еуродан асатын ресми ұсыныс түсірген.

Ыстанбұлдықтардың басшысы Сердал Адалы жауап беруге асығар емес: клуб басшылығы хавбекті сатудың қаншалықты тиімді екенін бас бапкер Винченцо Итальяномен талқылап, содан кейін ғана соңғы шешімді хабарлауды көздеп отыр.