Майкл бүгін командамен бірге жаттығу жасапты. Енді бәрі ойдағыдай болса ертең Мадридтегі кездесуде алаңға шығады.
Бұған дейін 24 жастағы француз вингері Дортмундтың «Боруссиясына» қарсы матчта (2:2) жарақат алған еді.
Мюнхеннің клубы Олисені 2024 жылы «Кристал Пэластан» 53 миллион еуроға сатып алған. Ол осы маусымда 13 матчта 12 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Майклдың «Бавариямен» келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
