Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Нойер жарақатына қарамастан маусым соңына дейін командамен бірге болады. Бірақ жазда 99.9% мансабын аяқтайды екен.
Мюнхеннің клубы қазір қосалқы голкипер іздеп жатыр. Шорт-листте Оливер Бауманн, Бернд Лено, Лорис Кариус және екі ойыншы бар.
Ману «Майнцқа» қарсы кездесуде (2:1) оң аяғының табанын жарақаттап алып, 6-12 айға қатардан шыққан еді.
Нойер кәсіби мансабын 2005 жылы «Шалькеде» бастаған еді. Ол «Бавария» намысын 2011 жылдан бері қорғап келеді. 40 жастағы Германия құрамасының бұрынғы ойыншысы осы маусымда тоғыз матчта алты гол өткізіп, төрт ойында қақпасына доп жібермеді.
