Амстердамдық «Аясктың» жас әрі талантты шеткі шабуылшысы Мика Годтс карьерасын Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында жалғастыруға толық келісімін берді. Бұл туралы танымал спорт журналисі әрі инсайдер Санти Ауна хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, 20 жастағы бельгийлік вингердің кандидатурасын клубтың спорты директоры Луиш Кампуш пен бас бапкер Луис Энрике ерекше қадағалап отыр. Екі маман да Годтстың шабуыл шебінде кез келген позицияда ойнай алатын әмбебаптығын жоғары бағалап, париждік клуб басшылығын осы трансферді жүзеге асыруға көндірген.
Естеріңізге сала кетейік, осыған чейін «ПСЖ» ойыншыны сатып алу мақсатында ресми келіссөздерді бастағаны хабарланған болатын. Мика Годтс өткен маусымда «Аякс» сапында жарқын ойын көрсетіп, команданың үздік бомбардирі атанды. Ол Нидерланд чемпионатының 32 матчында 17 гол соқты. Жалпы ал барлық турнирлерді қосқанда 44 кездесуге қатысып, 17 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.
Футболшының «Аякспен» жасасқан келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы бельгиялық таланты 35 миллион еуроға бағалап отыр.
