Q Football

«Манчестер Юнайтед» тарихында алғаш рет бапкерлер штабына әйел маманды қосады

«Манчестер Юнайтед» тарихында алғаш рет бапкерлер штабына әйел маманды қосады
©️USMNT

Маурисио Почеттиноның қол астында ойыншылардың физикалық дайындығына спорт ғылымдары саласында докторлық дәрежесі бар 46 жастағы испаниялық Сильвия Туя жауап береді

Маман аргентиналық бапкердің штабына 2024 жылдың қазан айында АҚШ құрамасында жұмыс істеген кезінде қосылып, ойыншылармен алаңда да, жаттығу залында да тұрақты түрде сабақ өткізген.

Туяның спорт ғылымдары саласында докторлық дәрежесі (PhD) бар, ол бұған дейін Испания әйелдер чемпионатының жоғары дивизионындағы «Леванте Бадалона» клубында еңбек еткен, сондай-ақ Барселона университеті жанындағы Каталония ұлттық дене шынықтыру институтында дәріс берген.