Q Football

Люка Шевалье «ПСЖ» сапынан кетуге жақын

Люка Шевалье «ПСЖ» сапынан кетуге жақын

Париждіктердің қақпасындағы орны үшін Матвей Сафоновпен бәсекелесіп жүрген голкипер мансабын басқа еуропалық чемпионатта жалғастыруы мүмкін.

Инсайдер Николо Скираның X әлеуметтік желісінде хабарлауынша, 24 жастағы француз қақпашысының қызметі бірден Ағылшын Премьер-лигасы мен Италия Серия А-сының бірнеше клубына ұсынылған.

Бұған дейін париждік клуб басшылығы ойыншымен қоштасуды жоспарламағанымен, құрамды күшейту ізденістері аясында жағдай өзгерді. Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, «ПСЖ» «Парма» қақпашысы Дзион Судзукиді сатып алу нұсқасын белсенді түрде қарастырып жатыр және ол үшін қомақты қаржы төлеуге дайын, бұл француздың ықтимал трансферін жеделдете түспек.

Шевалье Франция чемпиондарының қатарын өткен жазда ғана толықтырып, «Лилльден» € 40 млн-ға ауысқан еді. Ол жалпы алғанда 28 матч өткізіп (28 гол жіберіп, 10 кездесуде қақпасын құрау қалдырды), маусымның екінші жартысында бірінші нөмірлі қақпашы мәртебесін ресейлік голкиперге алдырып қойды.