КСРО құрамасы мен мәскеулік «Спартактың» бұрынғы қорғаушысының айтуынша, жартылай қорғаушы құжаттарға қатысты күмәнді схеманың кесірінен елдің бас командасына шақырылуын тоқтатқан. Ол кезде ойыншы ішкі біріншілікте сәтті өнер көрсетіп, «Астанамен» бірге чемпион атанып үлгерген, тіпті Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде молдовалық «Шерифке» қарсы кездесуде қазақстандық футбол тарихындағы алғашқы голдың авторы атанған еді. Алайда оның құрамаға шақырту алуының заңдық жағы әкесінде үлкен күмән тудырған.
Үлкен Ловчев ұлының Қазақстан туы астындағы мансабының аяқталуына түрткі болған сол бір әңгімені мысқылмен еске алды:
— «Женька құрамаға шақырту алған кезде мен одан: «Сен ол жақта қандай негізде ойнап жүрсің?» деп сұрадым. Ұлым: «Барған кезде ресейлік төлқұжатымды алып қойып, орнына жергілікті паспортты ұстатады» деп ағынан жарылды. Мен жағамды ұстап: «Есің дұрыс па? Біздің тегіміз тым танымал, мұндай әрекет үшін біреулер жауапқа тартылуы да мүмкін ғой» дедім. Осыдан кейін ол құрамадағы ойынын доғарды».
Дегенмен жартылай қорғаушы әлемдік футбол үшін тарихи мәнге ие оқиғаға қатысып үлгерді: 2003 жылдың тамызында ол Криштиану Роналду еуропалық ұжым сапында алғашқы матчын өткізген Португалияға қарсы ойында алаңға шықты. Ол кезде қарсыластардың бапкері Луис Фелипе Сколари қазақстандық ойыншының өнерін баспасөз мәслихатында ерекше атап өткен еді.
Жалпы 2003–2004 жылдар аралығында кіші Ловчев Қазақстан құрамасы сапында 8 матч өткізіп, бір гол соқты. Бүгінде маман екі елдегі «Спартак» халықаралық қоғамының футбол мектептеріне жетекшілік етіп, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытумен айналысып келеді.
