TEAMtalk басылымының хабарлауынша, 18 жастағы Германия құрамасының ойыншысына көз тіккендердің қатарында «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль» және «Арсенал» бар.
Ал Карлдың соңғы ойындарына «Баварияның» көңілі толмай жүр. Егер жағдай түзелмесе, Мюнхеннің клубы жас жұлдызын 2027 жылы сатып жіберуі мүмкін. Леннарт та өзі ойлағаннан да аз ойнап жүргеніне риза емес.
Карл осы маусымда тоғыз матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
