Q Football

Жоао Педро АПЛ-де айдың үздік ойыншысы атанды

Жоао Педро  АПЛ-де айдың үздік ойыншысы атанды
©️Getty Images

24 жастағы «Челси» шабуылшысы маусымды ғажайып бастап, лондондықтарға екі нәтижелі триллерде максимум ұпай сыйлады

Бразилиялық шабуылшы екі турда екі гол соғып, екі нәтижелі пас беріп, өз мансабында алғаш рет бұл марапатқа ие болды. «Фулхэмге» қарсы ойында ол 31-секундта-ақ көзге түссе, келесі кездесуде өзінің бұрынғы клубы — «Брайтонды» ренжітті. 3:2 және 4:3 есебімен жеңіспен аяқталған екі кездесуде де ол өзі гол соғып қана қоймай, Коул Палмерге де нәтижелі пас шығарды. Қорытынды дауыс беруде шабуылшы жеті үміткерден, соның ішінде Риккардо Калафьори, Райан Шерки және Бруну Фернандештен басып озды.

Осы табысының арқасында Педро бұл номинацияда жеңіске жеткен бар болғаны жеті бразилиялықтың қатарын толықтырды, сондай-ақ жеке трофейді 2024 жылдың күзіндегі Палмердің триумфынан кейін алғаш рет «Стэмфорд Бриджге» қайтарды.