Бұл сыйлықты жыл сайын Италия бапкерлері қауымдастығы өткен маусымда ең үздік нәтиже көрсеткен маманға береді.
Румыниялық бапкер аталған марапатты иеленген үшінші шетелдік маман ретінде тарихқа енді. Бұған дейін «Алтын орындықты» Раймон Гуталс (1990/91 маусымы) пен Жозе Моуринью (2009/10 маусымы) алған.
Айта кетейік, алғашқы кезеңде жүлде Еуропа көлеміндегі бапкерлерге табысталып жүрген. Ал 1994/95 маусымынан бастап марапат тек Италияның А және В серияларында жұмыс істейтін бас бапкерлерге ғана берілетін болды.
Өткен маусымда Киву тізгіндеген «Интер» Италия чемпиондығын да, ел кубогын да жеңіп алды.
Журналист Даниэле Маридің дерегіне сүйенсек, миландық клубтың бапкері 43 нақты дауыстың 16-сын жинаған. Дауыс беру қорытындысында екінші орынға 12 дауыспен Сеск Фабрегас («Комо») көтерілсе, үшінші нәтижені 9 дауыспен Джан Пьеро Гасперини («Рома») тіркеген.
Марапатты қабылдау кезінде Киву өз әсерін былай жеткізді: «Осы жүлде үшін баршаңызға рақмет. Бұл марапат мен үшін ерекше маңызды, өйткені ол басқа бапкерлердің - менің әріптестерімнің бағалауы негізінде беріледі.
Футболшыларға, бапкерлер штабына және клубқа алғыс айтамын. Бірақ ең алдымен, әрдайым жанымнан табылған отбасымa рақмет айтқым келеді. Олар жеңіс сәттерінде де, ең бастысы, жеңіліс күндерінде де мені қолдап келді».
«Интер» бас бапкері Кристиан Киву 2025/26 маусымының қорытындысы бойынша 35-рет табысталып отырған «Алтын орындық» («Панкина д’Оро») жүлдесінің иегері атанды.
