«Ювентустың» қызығушылығы Ковачичтің аз ойын уақыты алып жүргеніне байланысты күшейіп отыр. Биылғы АПЛ маусымында хавбек бар болғаны 42 минут ойнап, екі рет қосалқы құрамнан алаңға шыққан.
Туринде оның тәжірибесі мен орталық алаңда бірнеше позицияда ойнай алу қабілеті команда үшін пайдалы болуы мүмкін деп санайды. Дегенмен көп нәрсе «Манчестер Ситидің» футболшыға жаңа келісімшарт ұсыну-ұсынбауына байланысты болмақ.
Бұған дейін «Ювентустың» манчестерлік клуб ойыншыларының бірін алып, қорғаныс шебін күшейту мүмкіндігін де қарастырып жатқаны хабарланған.
