«Ал енді... сөйлесейік. Сонда мен Англия Премьер-лигасының неше дүркін чемпионы болдым?» — деп жазды испаниялық.
Бұл сөзімен Де Хеа «Ситидің» соңғы жылдардағы чемпиондықтарына ишара жасап, сонымен қатар 2013 жылы «Манчестер Юнайтедпен» жеңіп алған өз титулын еске салған болуы мүмкін.
Манчестерлік клубқа ықтимал санкциялармен қатар басқа да салдарлар талқыланып жатыр. Давид Орнстайнның мәліметінше, Премьер-лиганың кейбір командалары «Ситиге» жеке қаржылық талап қою мүмкіндігін қарастырып отыр.
