Q Football

«Интер» А Сериясына қайта оралған «Монцаны» тас-талқан етіп, чемпиондық титулын қорғауды жеңіспен бастады

«Интер» А Сериясына қайта оралған «Монцаны» тас-талқан етіп, чемпиондық титулын қорғауды жеңіспен бастады
Getty Images

«Нерадзурри» А Сериясының жаңа маусымын сенімді бастады: чемпион өз алаңында «Монцаның» тас-талқанын шығарды - 4:1. Қонақтар ерте гол жіберіп алғанымен, есепті теңестіріп, үзіліске дейін 1:1 нәтижесін сақтай алды. Екінші таймда Кристиан Кивудың ұжымы қарқын қосып, матчты ірі жеңіспен аяқтады

Есепті Хакан Чалханоглу 6-минутта ашты. Дегенмен кейін алаң иелері қарқынды бәсеңдетті, ал «Монца» мұны тиімді пайдаланды: Густаво Варела ойынның алғашқы жарты сағаты аяқталар тұста есепті теңестірді.

Екінші таймда «Интер» тағы да тез гол соқты - бұл жолы үзілістен кейін үш минут өткенде Пётр Зелиньский мергендік танытты. Бұдан кейін чемпиондар ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ: Пио Эспозито мен Ян Биссекк басымдықты нығайтып, жеңімпазға қатысты барлық сұрақты жапты.

Бөлек тоқталатын жайт - Джон Стоунздың дебюті: Англия құрамасының қорғаушысы алаңға ауысумен шығып, «Интер» сапында алғашқы матчын өткізді. Ал жуырда келген жаңа футбошылардың арасындағы басқа англиялықтар - Джед Спенс пен Кёртис Джонс бұл кездесуді «Сан-Сиро» трибунасынан тамашалады.