Q Football

«Астон Вилла» Онанамен келісімшартты ұзартты

«Астон Вилла» Онанамен келісімшартты ұзартты
©️avfc.co.uk

Бирмингемдік клуб бельгиялық жартылай қорғаушыны Унаи Эмери командасының маңызды бөлігі деп атады, бірақ жаңа келісімнің мерзімін жария етпеді

Клуб өзінің ресми сайтында бельгиялық жартылай қорғаушы Амаду Онанамен жаңа келісімшартқа қол қойғанын жариялады. Бирмингемдік клуб жаңартылған келісімнің қолданылу мерзімін нақтыламады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, хавбек тізесіне жасалған отадан кейін сәтті айығып келеді және команданың ішкі әрі еуропалық аренадағы бәсекелестігі аясында Унаи Эмеридің ойын жүйесіндегі маңызды тұлға болып қала береді.

Онана «Астон Виллаға» 2024 жылы «Эвертоннан» ауысып келген болатын және содан бері клуб сапында 70-тен астам матч өткізіп, жеті гол соқты.