24 жастағы француз шабуылшысы екінші таймда бес минут ішінде дубль жасап, Кирнан Дьюсбери-Холлдың голына да нәтижелі пас берді. Оның нәтижелі әрекеттерінің арқасында ливерпульдік клуб Фрэнк Лэмпард жаттықтыратын команданы жеңіп, камбэк жасады.
Кездесуден кейін Барри Эрлинг Холандтың ойындарын бейнежазбадан үнемі қарап, норвегиялық футболшының алаңдағы қозғалыстарын мұқият зерттейтінін айтты. Сондай-ақ шабуылшы «Алтын бутсы» үшін таласуға ниетті екенін жеткізді.
Биылғы маусымда француз футболшысы 13 матчта 10 гол соқты. Оның алтауы Англия Премьер-лигасында тіркелген. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Холандтан қалып келеді.
Жеңістің арқасында «Эвертон» Англия чемпионатының турнирлік кестесінде бесінші орынға көтерілді. Ал «ирисктердің» бас бапкері Дэвид Мойес үшін бұл команда тізгініндегі 592-матч болды.
