Q Football

«Комо» бас мергенімен келісімшартты ұзартады

«Комо» бас мергенімен келісімшартты ұзартады

Шабуылшы Анастасиос Дувикас клубта әлі біраз ойнайды

Журналист Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту жөнінде келісімге келді. Жаңа шартқа сәйкес, Дувикастың бір маусымда алатын жалақысы үш миллион еуроны құрайды екен.

«Комо» 27 жастағы грекиялық форвардты былтыр «Сельтадан» 14 миллион еуроға сатып алған еді. Дувикас осы маусымда Италия А Сериясында сегіз матчқа қатысып, бес гол соқты. Ал Чемпиондар лигасында үш матчта үш мәрте мергендік танытты.