Q Football

Ван ’т Схип Қазақстанның 95-минутта қолдан жіберген жеңісінен кейін түсініктеме берді

Ван ’т Схип Қазақстанның 95-минутта қолдан жіберген жеңісінен кейін түсініктеме берді
Kff

Қазақстан құрамасының бас бапкері Словакияға қарсы кездесудің соңы өз командасы үшін өте ауыр тигенін мойындады. Ойын барысында екі рет есепте алға шыққанына қарамастан, Қазақстан 95-минутта гол жіберіп алып, жеңісті уысынан шығарып алды

«Иә, әрине, 95-минутта гол жіберіп қойғаныңды түсінгенде, әсіресе есепте екі рет алда болып тұрып, мұндай нәтиже өте ауыр тиеді. Дегенмен, бүгін оң тұстар да болды деп ойлаймын. Біз тәртіппен ойнаған, күрескен команданы көрдік және, меніңше, екі қапталдан да бірнеше қауіпті сәт жасадық, әсіресе Кенжебек пен Чесноков қатысқан қарсы шабуылдарда. Біз тәртіпті ойнадық, әрі жанкүйерлердің де көмегі қатты тиді деп ойлаймын. Олар команданы қолдап, оның қаншалықты қиын жағдайда тұрғанын түсінді», - деді ван ’т Схип.

Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Осы нәтижеден кейін Қазақстан үш ұпаймен С дивизионының 3-тобында төртінші орынға тұрақтады. Ал Словакия 12 ұпай жинап, топ жеңімпазы атанып, В дивизионына жолдама алды.