Q Football

Реал Родриді сатып алуды көздемейді - Моуринью тұсындағы «Реалдың» ойынына жартылай қорғаушы сай келмейді

Реал Родриді сатып алуды көздемейді - Моуринью тұсындағы «Реалдың» ойынына жартылай қорғаушы сай келмейді

As жазуынша, мадридтік «Реал» Родриді трансферлік тізімнің басына қоймаған. Басылымның дерегінше, бұған себеп - 30 жастағы жартылай қорғаушының Жозе Моуринью ұстанатын ойын стиліне үйлеспеуі

Сол ақпаратта «Реал» жаңа бапкер келгеннен кейін ойын құрылымын өзгертетіні айтылады: клуб «интеллектуалды» футболға және допты бақылауға басымдық беруді көздемейді. Соған қарамастан, мадридтіктер Родридің деңгейін жоғары бағалайды. As мәліметінше, клуб ішіндегі кейбір өкілдер испаниялықты команда қатарында көргісі келеді.

Басылымның тағы бір дерегіне сай, Родридің өзі Ла Лигаға қайта оралып, мансабын «Реалда» жалғастыруға ниетті. Ал «Манчестер Сити» ойыншыны сатудың нұсқасын қарастырып отыр. Родридің «қалалықтармен» келісімшарты келесі жазда аяқталады.

Өткен маусымда АПЛ-де Родри 21 матч өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.