Венсан Компанидің шәкірттері 8-тур аясында өз алаңында Дортмундтың «Боруссиясымен» (2:2) тең түсті. Кездесудің бірінші таймында Исмаэль Сайбари мен Серж Гнабри жарақат алып, олардың орнына ойынға Натаниэль Браун мен Йосип Станишич шықты. Ал 84-минутта Майкл Олисе сыр беріп, орнын Леннарт Карлға босатты. Әзірге аталған үшеуінің де жағдайы белгісіз.
«Бавария» 18 ұпаймен Бундеслигада көш бастап тұр. Келесі ойынын команда 3 қараша күні Чемпиондар лигасының 4-турында «Атлетикоға» қарсы сырт алаңда өткізеді.
