Әңгіме Пномпень маңындағы Bowker Garment Factory және Trax Apparel кәсіпорындары жайында, екеуі де Adidas-тың негізгі жеткізушілерінің қатарына кіреді. Онда 6,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, басым бөлігі әйелдер. Аптасына сегіз сағаттық алты ауысым кезінде негізгі жалақы айына 210–220 долларды құрайды. Бұл жергілікті ең төменгі жалақы мөлшеріне сай келеді, ал топтық өндіріс нормасы күніне 700 бұйымға дейін жетеді.
«Шетелдегі сатып алушылар мынаны естісе екен деймін: олар сатып алатын бір жейде жұмысшының екі апталық жалақысынан қымбат тұрады», — деді Trax қызметкері.
Жұмысшылар аты-жөнін атамау шартымен цехтардағы температураның 35 градустан асатынын, ал норма орындалмаса, өздеріне айқайлап, жұмыстан кетуді ұсынатынын айтты.
Adidas компаниясы жыл сайын фабрикаларда 1200-ге жуық тексеру жүргізетінін, екі кәсіпорында да ыстыққа қарсы шаралар қабылданғанын, ал концерннің Камбоджадағы жеткізушілеріндегі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейі бағдарынан орта есеппен 34 пайызға жоғары екенін мәлімдеді.
Тергеуге жанкүйерлердің бағаға қатысты шағымы себеп болған. Он жыл ішінде Премьер-лига клубы жейдесінің репликасы орта есеппен 50,7 пайызға қымбаттады. Аталған клубтардың ешқайсысы журналистердің сауалына жауап бермеді.
