Q Football

Челси Реалдың бұрынғы қорғаушысын трансферлеу мүмкіндігін қарастырып жатыр

Челси Реалдың бұрынғы қорғаушысын трансферлеу мүмкіндігін қарастырып жатыр
Getty Images

«Комоның» орталық қорғаушысы Хакобо Рамон Англия Премьер-лигасының алпауыт клубтарының біріне ауысуы ықтимал. Бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде инсайдер Экрем Конур таратты

Дереккөз мәліметінше, 21 жастағы испаниялық қорғаушыға АПЛ-дің бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр. Соның ішінде ең белсенді қадамға лондондық «Челси» баруы мүмкін. Алайда «Комо» ойыншысын арзанға жіберуге ниетті емес: италиялық клубты 50 миллион еуродан төмен ұсыныс қанағаттандырмауы ықтимал, сондықтан «көк» клубқа қомақты қаржы қарастыру қажет болады.

Рамон «Комоға» былтырғы жазда қосылған. Ол - мадридтік «Реалдың» түлегі. Қорғаушының италиялық клубпен келісімшарты 2030 жылдың маусым айының соңына дейін күшінде.

Бұған дейін «Челсидің» «Брэнтвейтті» де трансферлеу мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған еді.