Q Football

Марч «Кристал Пэлас» клубында медициналық тексеруден өтті, бірақ клуб трансферден бас тартты

Марч «Кристал Пэлас» клубында медициналық тексеруден өтті, бірақ клуб трансферден бас тартты

32 жастағы вингер соңғы сәтте лондондықтармен келісімнің бұзылуынан кейін клубсыз қалды.

«Брайтонның» бұрынғы вингері Солли Марч «Кристал Пэлас» сапында медициналық тексерістен өткеніне қарамастан, лондондық клуб трансферді аяқтамау туралы шешім қабылдады. Осылайша 32 жастағы футболшы қайтадан еркін агент болып қалды.

talkSPORT дерегінше, клуб төрағасы Стив Пэриш Марчты тәжірибелі ойыншы ретінде құрамды күшейту үшін өтемақысыз алуды көздеген. Ойыншы «Селхерст Паркта» медтексерістен сәтті өткен, алайда келісім ең соңғы сәтте жүзеге аспай қалды.

Айтылған мәлімет бойынша, шешімге жанкүйерлердің реакциясы ықпал еткен. Фанаттардың бір бөлігі Марчтың ұзақ жылдар «Брайтонда» ойнағанын алға тартып, ауысымға қарсы болған. «Брайтон» «Кристал Пэластың» ең принципті қарсыластарының бірі ретінде аталады.

Солли Марч кәсіби мансабының барлығын «Брайтонда» өткізді: ол клубқа жасөспірімдер деңгейінде қосылып, өткен маусым аяқталғанға дейін сол командада болды. Келісімшартының мерзімі біткен соң «Брайтон» ойыншымен келісімді ұзартпауға шешім шығарған.

Марчтың Англия Премьер-лигасындағы көрсеткіші - 194 матч, 14 гол және 20 нәтижелі пас.