Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының бапкерлер штабы 2026/27 жылғы маусымдағы Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңіне қатысатын ойыншылар тізімін нақтылады. Шақырту алғандар арасында испаниялық «Вильярреалдың» жартылай қорғаушысы Салим Хасанов пен «Рамзан» академиясының тәрбиеленушісі Мәлік Саитов ерекше назар аудартады, олар «Қайрат» пен ҚФФ Академиясының өкілдерімен бірге ұлттық команданың негізгі өзегін құрады.
14-іріктеу тобының матчтары Грузия жерінде өтеді, онда отандастарымыз 14 қарашада Аустриядағы қатарластарымен кездессе, 17 қарашада грузин құрамасымен шеберлік байқасады. УЕФА-ның жаңартылған регламентіне сәйкес, өз тобында үздік шыққан екі құрама көктемгі екінші кезеңнің А лигасына тікелей жолдама алып, Латвияда өтетін финалдық кезеңге таласты жалғастырады, ал үшінші сатыда қалған команда В лигасына ойысады.
