Le Parisien мәліметінше, клуб басшылығы соңғы апталарда 32 жастағы қорғаушының өкілдерімен алғашқы келіссөз өткізген. Тараптар жаңа келісімшарт жөнінде әзірге ортақ шешімге келген жоқ.
«ПСЖ» Маркиньостың командаға қосқан үлесін жоғары бағалайды. Ол киім ауыстыратын бөлмеде де көшбасшылық танытып, жас әріптестерінің бейімделуіне көмектеседі. Маркиньос «Ромадан» Парижге 2013 жылы ауысқан.
