Q Football

98 матчте 100 гол - Харри Кейннің тарихи жетістігі

98 матчте 100 гол - Харри Кейннің тарихи жетістігі

Мюнхендік грандтың шабуылшысы турнир тарихында бұл мерейтойлық межеге бәрінен бұрын қол жеткізіп, жарты ғасырлық рекордты жаңартты.

Есеп 7:0 болып аяқталған «Унион Берлинге» қарсы ойында Харри Кейн 39-минутта пенальтиді сәтті орындап, тарихи голын соқты. Англия құрамасының шабуылшысы үшін бұл матч Германия біріншілігіндегі небәрі 98-ші ойын болды, бұл оған 1977 жылдан бері тұрған Кёльндік Дитер Мюллердің рекордын (ол кезде шабуылшыға 129 матч қажет болған еді) басып озуға мүмкіндік берді. Кейін екінші таймның басында ағылшын футболшысы Майкл Олисенің пасын голға айналдырып, дубль авторы атанды.

Бұл феноменальды нәтиже ойыншыны 2023 жылы Германияға келген сәттен бері серік етіп келеді: ол Бундеслигада орта есеппен әр 78,5 минут сайын гол соғып, барлық турнирлердегі жалпы көрсеткішін 154 матчта 152 допқа жеткізді. Кейннің тарихи рекорды командалас әріптестерінің жарқын өнерін де назардан тыс қалдырмады — Майкл Олисе клуб үшін алғашқы хет-тригін авторы атанса, Джамал Мусиала кез келген матчтың сәнін келтірерлік керемет гол соқты. Sky Germany арнасына берген сұхбатында бәсекеден тыс сұрмерген командалас әріптестеріне, бапкерлер штабына және қолдау көрсеткені үшін клубқа алғысын айтып, Мюнхендегі әрбір секундынан ләззат алатынын мойындады.