«Барселона» құрамды күшейтудің басты нысанасы ретінде «Тоттенхэмнің» 27 жастағы қаптал қорғаушысы Педро Порроны таңдады, деп хабарлайды Mundo Deportivo. Алайда испаниялық ойыншының қыста Каталонияға ауысуы екіталай, өйткені оның «шпорлармен» келісімшарты 2031 жылға дейін жасалған — «көк-анар түстілер» жалақы қорын жеңілдетіп, ойыншыларды сатқан соң бұл мәмілеге жазда қайта оралуды көздейді.
Қазіргі таңда клуб басшылығының қысқы трансфердегі басты міндеті — қорғаныс орталығына тәжірибелі ойыншыны шұғыл табу: Эрик Гарсия, Андреас Кристенсен және Жюль Кунденің ауыр жарақаттарынан кейін Ханси Фликтің қарамағында таза орталық қорғаушылардан тек Пау Кубарси мен Жерар Мартин ғана қалды.
