Q Football

«Барселона» де Йонгтың орнына марокколық жартылай қорғаушыны қарастыруда

«Барселона» де Йонгтың орнына марокколық жартылай қорғаушыны қарастыруда

El Chiringuito мәліметінше, каталониялық «Барселона» «Жирона» клубы мен Марокко құрамасының жартылай қорғаушысы Аззедин Унаиге қызығушылық танытып отыр.

Клуб басшылығы 26 жастағы футболшыны жарақатынан айығып жатқан Френки де Йонгтың ықтимал орнын басушы ретінде қарастыруда.

Дереккөздің хабарлауынша, марокколық ойыншыға басқа клубтар да қызығушылық білдіруде. Алайда футболшының өзі әзірге болашағына қатысты түпкілікті шешім қабылдамаған.

2026 жылғы әлем чемпионатында Унаи Марокко құрамасы сапында алты матч өткізіп, екі голдың авторы атанды. Оның командасы турнирдің ширек финалына дейін жетті.

Өткен маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирде 24 матчқа қатысып, бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Футболшының «Жиронамен» жасалған келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Аззедин Унаидің нарықтық құны шамамен 18 миллион еуроға бағаланады.