Италиялық инсайдердің X әлеуметтік желісінде тараған мәліметіне сәйкес, мадридтіктер 29 жастағы тірек жартылай қорғаушысын € 50–60 млн еуроға сатып алуды көздеп отыр.
Футболшының өзі Мадридке ауысуды қалайтындықтан, Англияның қолданыстағы чемпиондарымен келісімшартты ұзартудан бас тартты. Оның үстіне, ойыншы испаниялық грандпен жеке келісімшарттың егжей-тегжейін келісіп қойған — еңбек шарты 2030 жылға дейін есептелмек.
Ендігі басты кезең — «манчестерліктермен» өтемақы сомасын келісу. Алдағы келіссөздер оңай болмайтыны анық, өйткені манчестерліктердің бапкерлік штабы мен басшылығы әу баста негізгі ойыншысын командада алып қалуды жоспарлаған еді.
