«Өзімді жақсы сезінемін, бірақ қазір мәселе менде емес. Әрі қарай не боларын көре жатармыз. Мүлде дүрлікпеймін. Ойнауды жалғастырып, дәл қазір істеп жүрген ісіммен айналысқым келеді. Бұл маусым не әкелетінін көреміз. Мұнда керемет уақыт өткіздім. Егер бұл оқиға жалғасса - тамаша. Ал жалғаспаса, онда басқа жаққа кетемін», - деді қорғаушы.
Ван Дейк «Ливерпуль» басшылығымен келіссөздерге байланысты да жаңалық жоғын растады. Соған қарамастан, бұл жағдай оған стресс тудырмайтынын айтып, мансабындағы келесі қадам туралы алдын ала шешім қабылдағысы келмейтінін атап өтті.
Нидерландиялық футболшы «Ливерпуль» сапында 2018 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді: ол кезде мерсисайдтықтар оны «Саутгемптоннан» алған. Осы уақыт ішінде ван Дейк команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, клубтың бірнеше трофей жеңуіне үлес қосты, олардың қатарында Англия чемпионы атағы мен Чемпиондар лигасындағы жеңіс те бар.
