Өткен аптада 33 жастағы жартылай қорғаушы мен клуб арасында келіспеушілік туындағаны туралы ақпарат тарады. Соның салдарынан ол «Тобылға» қарсы матчқа қатыспады. ASnews.kz басылымының «Жеңіс» клубындағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, екі тарап арасындағы түсініспеушілік реттелген.
Алайда Goal.kz мәліметінше, Қуат келесі маусымда Астанада қалмау туралы шешім қабылдаған. Исламбектің жаңа клубы «Қызылжар» немесе Бірінші лиганың чемпионы «Шахтер» болуы мүмкін.
