Q Football

Вайсс Қазақстанның Ұлттар лигасындағы соңғы орны және ұлттық құраманың болашағы туралы пікір білдірді

Вайсс Қазақстанның Ұлттар лигасындағы соңғы орны және ұлттық құраманың болашағы туралы пікір білдірді
Sportarena

Астанадағы ойыннан кейін Словакия ұлттық құрамасының бас бапкері кездесудің сапалы шыққанын, ал Қазақстан тобында соңғы орын алғанына қарамастан лайықты түрде өнер көрсеткенін атап өтті

«Жақсы футбол. Сәтпаев ойнаған жоқ. Бұл - кеше Хвича Кварацхелияны еске алып айтқаным. Алаңда көшбасшы футболшылар болмаса, командаға бірдеңе жетіспей қалады. Исламхан, Кенжебек және Чесноков өте жақсы ойнады, шабуыл да дұрыс жұмыс істеді. Егер жарақат алғандар көп болса немесе негізгі ойыншылар шықпаса, бұл әрі нәтижеге, әрі команданың ойынына әсер етеді. Қазақстан бүгін жақсы болды», - деді Вайсс.

Словакиялық маман Қазақстанның турнирдегі нәтижесі төмен болғанымен, бұл құраманы өз тобындағы қарсыластарынан әлсіз деуге келмейтінін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан соңғы орын алғанымен, алдағы әлеуеті бар.

«Команда ең аз ұпай жинады, бірақ мен оны Молдова немесе Фарер аралдарынан әлсіз деп айта алмаймын. Қазақстан соңғы орын алды, алайда ұлттық құраманың болашағы жарқын деп ойлаймын. Мұнда сапалы жас футболшылар көп, әрі Сәтпаев пен Исламхан да әлі көмектесе алады. Әліп - керемет футболшы. Покатилов та бар - Чемпиондар лигасында ойнайтын тамаша қақпашы. Көбірек ұпай жинап, үлкен нәтижеге жете алатын жақсы команда құрастыруға болады», - деді Вайсс.

Ұлттар лигасы-2026/27 маусымында Қазақстан С дивизионының 3-тобында үш ұпаймен төртінші орынға тұрақтады. Ал Словакия 12 ұпай жинап, топта бірінші болып, В дивизионына жолдама алды.