Q Football

Олисе хет-трик жасады, Кейн Бундеслигадағы 100-голын соқты

Олисе хет-трик жасады, Кейн Бундеслигадағы 100-голын соқты

«Бавария» төрт турдан кейін он ұпай жинап, Германия чемпионатының көш басына шықты. Мюнхендіктер матч тағдырын үзіліске дейін-ақ шешіп, қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты.

Есепті 18-минутта Джамал Мусиала айып алаңының сыртынан жойқын соққымен ашты. 38-минутта Майкл Олисе пенальти алып берді, ал Гарри Кейн оны сәтті орындады. Бұл ағылшын шабуылшысының Бундеслигадағы 100-голы болды.

Үзіліске дейін Олисенің өзі де мергендік танытты. Француз айып алаңы сызығынан допты жақын бұрышқа дәл бағыттап, есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші таймда «Бавария» қысымын жалғастырды. 54-минутта Олисе оң қапталдан әуелете пас беріп, Кейн баспен соққы жасап дубль авторы атанды.

70-минутта тағы бір маңызды эпизод тіркелді. Әл-Сибари Альфонсо Дэвистен пас алып, қақпашымен бетпе-бет шығып, мюнхендік клуб сапындағы алғашқы голын соқты.

Матч соңында Олисе қайтадан басты қаһарманға айналды. 73-минутта ол қақпашыны алдап өтіп, допты бағанаға тигізе қақпаға енгізді. Ал үш минуттан кейін алыстан дәл соққы жасап, хет-тригін рәсімдеді — 7:0.

Осы жеңістен кейін «Бавария» он ұпаймен Бундеслига турнир кестесін кем дегенде уақытша бастап тұр. «Унион» бір ұпаймен 16-орында қалды.