Мерсисайдтықтардың бұрынғы қорғаушысы Джейми Каррагер испандықтың ықтимал трансфері туралы сыбыстарды өте қатты сынға алды. Сарапшының пікірінше, тіпті кейін тегін жіберуге тура келсе де, «қалалықтар» үшін тирек жартылай қорғаушыны тағы бір жыл ұстай тұрған әлдеқайда тиімді. Себебі мұндай деңгейдегі ойыншының орнын басатын ешкім жоқ, ал ықтимал өтемақы сомасы клуб бюджеті үшін ауыз толтырып айтарлықтай роль атқармайды.
«Егер сен «Манчестер Сити» болсаң, Родриді сатудың не қажеті бар? Мұның не мағынасы бар? Оның тағы бір маусымын пайдаланып, кейін тегін жіберген артық. Ол өз позициясында әлемдегі ең үздік футболшы. «Сити» үшін қандай да бір € 40 млн деген не тәйірі?», — деп келтіреді Каррагердің сөзін The Standard басылымы.
Испандық хавбек манкуниандықтардың намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді, ол кезде оның мадридтік «Атлетикодан» ауысуы клубқа € 70 млн еуроға түскен еді. 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы жүлдесінің иегері мен «Манчестер Сити» арасындағы қазіргі еңбек келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген.
