«Мансабым барысында клубтың өз қаласы үшін қаншалықты маңызды екенін көрдім. NxtPlay компаниясымен бірге біз Реджо-Эмилия тұрғындары мақтан тұтатын дүние жасағымыз келеді», — деді Куртуа.
Бельгиялық қақпашы жобаның басты басымдықтары жас футболшыларды дамыту, жергілікті қауымдастықпен байланысты нығайту және тұрақты басқару жүйесін құру болатынын атап өтті. Оның айтуынша, инвестициялар клубтың ұзақ жылдарға берік негіз қалыптастыруына мүмкіндік беруі тиіс.
NxtPlay өкілдері бірнеше ай бойы «Реджананың» қызметін зерттеп, жергілікті кәсіпкерлермен, демеушілермен және акционерлермен кездесулер өткізгенін хабарлады. Алайда мәміле әзірге аяқталған жоқ және клубтың қазіргі иелерімен қажетті рәсімдерді келісуге байланысты.
