«Кәрі ханым» сапындағы 38-ресми матчында 28 жастағы ойыншы шамамен он екі минут ішінде екі рет көзге түсті. Алдымен ол айып соққысынан Уэстон Маккенниге дәл асырма пас берді, кейін айып алаңының шетінен төмен соққымен қонақтардың артықшылығын екі есеге арттырды.
«Ювентус» Дуглас Луисті 2024 жылы «Астон Вилладан» 50 миллион еуроға сатып алғанымен, бразилиялық осы уақытқа дейін өз деңгейін көрсете алмай келген. Ол бұл сәтті ойынды «Реннмен» кездесуде туриндіктердің жағдайын қиындатқан қолмен ойнаған келеңсіз сәттен кейін небәрі үш күн өткенде өткізді.
Лучано Спаллетти шәкіртін мақтағанымен, оған кейде қарқын жетіспейтінін атап өтті. Дуглас Луис болса бапкерге алғысын білдірді. «Бапкер үшін де, команда үшін де қуаныштымын, өйткені қазір біз туралы не айтылмай жатыр дейсіз. Бұл маусым мен үшін өте маңызды, ал мұнда, Леччеде жеңіске жету бізге үлкен сенім береді», — деді ол.
Сонымен қатар бразилиялық екінші таймда команданың солғын ойнағанын мойындады. «Үзілістен кейін біз біраз мүлгіп қалдық, ал бізге бүкіл 90 минут бойы жақсы ойнау керек», — деді жартылай қорғаушы.
