Q Football

«Астон Вилла» Джордж Геммингспен жаңа келісімшарт жасады

«Астон Вилла» Джордж Геммингспен жаңа келісімшарт жасады

Бирмингемдік клуб жас жартылай қорғаушымен жаңа келісімшартқа қол қойғанын ресми жариялады. Геммингс биыл негізгі командада ойнай бастады.

Ағылшын футболшысы осы маусымда барлық турнирде 11 матчқа қатысты. Соның екеуінде Чемпиондар лигасында алаңға шықты.

Геммингс «Астон Вилла» академиясына 2024 жылғы қаңтарда «Ноттингем Форесттен» ауысты. 2024/25 маусымында ол 18 жасқа дейінгі командаға үш жүлде жеңіп алуға көмектесті. Олардың бірі — Англияның жасөспірімдер кубогы.

«Мен мұны мақтан тұтамын. Негізгі командаға жақындау үшін ұзақ еңбек еттім. Сол еңбегімнің нәтижесін көргеніме қуаныштымын», — деді Геммингс клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.