Q Football

Ришарлисонның «Васко да Гамаға» ауысуы жүзеге аспай қалды

Ришарлисонның «Васко да Гамаға» ауысуы жүзеге аспай қалды
Getty Images

Дереккөздердің хабарлауынша, клубтар трансферлік төлем мөлшері бойынша келісімге келген, бірақ мәміле шабуылшының жеке келісімшартын талқылау кезеңінде тоқтап қалды

Бразилияда трансферлік терезе жұмаға қараған түнде жабылады, ал қазір Ришарлисонның «Тоттенхэмде» қалатынына көбірек ұқсайды.

Бұған дейін лондондықтар шабуылшыны АПЛ өтініміне енгізбеген болатын. Бұл трансферлік терезенің соңғы күнінде оның «Эвертонға» 35 млн фунтқа ықтимал ауысуы бұзылғаннан кейін орын алды — тараптар жеке келісімшарт шарттары бойынша келісе алмады.

Бейсенбіде BBC Sport та ойыншы мен «шпорлар» арасында келісімшарт бойынша қалған тоғыз айға қатысты дау туындағанын хабарлады.

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Роберто Де Дзерби жұмадағы баспасөз мәслихатында егжей-тегжейлерді ашпады және бразилиялықтың болашағы туралы нақты ештеңе айтпады. «Білмеймін, — деді ол. — Бұл менің жұмысым емес».

Дереккөздердің мәліметінше, Ришарлисон әртүрлі нұсқаларды қарастыруда. Оның келесі жазда аяқталатын қолданыстағы келісімнің қалған бөлігінен босатылғанын қалайтыны айтылады, бұл ретте «Тоттенхэм» келісімшартты тағы 12 айға ұзарту опциясын белсендіре алады.

Де Дзерби сөзін былай деп толықтырды: «Бiр нәрсе айта аламын: мен клубтың Ришарлисон үшін не істегенін өте жақсы білемін және соңғы бір-екі айда Ришарлисонның клуб үшін не істегенін де өте жақсы білемін. Бұны мен білемін, клуб біледі, ол біледі, оның агенті біледі. Бәрі де сіздерден [баспасөзден] қарағанда әлдеқайда жақсы біледі».