Cadena Ser хабарлауынша, мадридтік «Реал» тарапынан қызығушылық бар деген ақпарат аясында «Барселона» «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Каталониялықтар Испания құрамасының ойыншысы үшін таласқа түсуге дайын.
«Көк-анар түстілердің» бұл әрекеті жарақат алған Френки де Йонгтың орнын басатын ойыншы табу қажеттілігінен туындап отыр. Өткен маусымда 33 кездесуге қатысқан футболшының келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, ал өзі 50 миллион еуроға бағаланады. Сондықтан трансфердің жүзеге асуы хавбектің жеке шешімі мен клубтың қаржылық мүмкіндігіне тікелей байланысты.
«Барселона» Родри үшін күреске араласты

Френки де Йонгтың ауыр жарақаты каталониялық грандты құны 50 миллион еуро болатын испандықтың трансферін қарастыруға мәжбүр етті