Q Football

«Арсенал» Микель Артетамен рекордтық қаржылық шарттарда жаңа келісімшарт жасасты

«Арсенал» Микель Артетамен рекордтық қаржылық шарттарда жаңа келісімшарт жасасты
©️Getty Images

Испаниялық бапкер Лондон клубын кем дегенде он жыл басқарып, кепілдендірілген жалақысының елеулі өсуіне қол жеткізеді

«Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета лондондық клубпен еңбек келісімшартын ұзарту бойынша уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды BBC. Испаниялық бапкердің қолданыстағы келісімі осы маусымның соңында аяқталатын еді, бірақ жаңа келісімшарт бапкерге 2019 жылдың желтоқсанында келген сәттен бастап «канонирлер» тізгінінде кемінде он жыл жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жаңа келісім бапкердің жалақысын айтарлықтай арттыруды да көздейді. Қазіргі уақытта Артетаның кепілдендірілген жылдық оклады 10 миллион фунт стерлингті құрайды, ал тағы 5 миллион фунт стерлинг спорттық жетістіктер үшін берілетін бонустар ретінде қарастырылған.